Барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс", - деді Мұхтар Ерман.
Оның дерегінше, республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.
"Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады", - деді комиссия төрағасы.
Оқи отырыңыз: Референдум: 9 126 850 млн азамат дауыс берді