Ер мен әйелдің одағы: жаңа Конституция жобасында неке ұғымы нақтыланды

Заңгерлердің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер отбасы институтын күшейтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбекке жарамсыз ата-анаға қамқорлық жасау міндеті жаңа Конституция жобасында айқындалды. Бұл норма құжаттың 30-бабында нақты көрсетілген. Онда кәмелетке толған азаматтардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндеті бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба мәтінінде отбасы құндылықтарын қорғау, неке институтын нығайту, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылған. Сонымен қатар құжатта неке ұғымына нақты анықтама берілген. Онда неке ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті және тең құқықты одағы екені көрсетілген. Заңгерлердің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер отбасы институтын күшейтіп, ұрпақтар сабақтастығын және өзара жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

«Егер бұрын Парламент арқылы өзгерістер енгізіп, некенің басқа түрлерін қарастыру мүмкіндігі болса, қазір біз Конституциядағы норманы айтып отырмыз, ол енді ерікті түрде өзгертілмейді. Бұл норма кейінгі заңнаманың бәрін осы принциптерге сүйеніп жасауға негіз болады. Біз бәрібір негізгі заң деңгейінде дәстүрлі құндылықтарды қолдап, қорғауды ұстанатынымызды шештік», – деді заңгер Серік Берқамалов.

Оқи отырыңыз: Ашықтық – реформаның басты ұстанымы болды: депутат Конституциялық комиссия жұмысының қалай жүргізілгенін айтты

Новости партнеров