Ата заңымызға өзгерістер енгізу – еліміздің қауіпсіздігі үшін аса маңызды - Талғат Жанысбай

17.02.2026 20:00

«Әлем құбылып, геосаяси жағдай ушығып тұрған тұста Ата заңымызға өзгерістер енгізу – еліміздің қауіпсіздігі үшін аса маңызды». Жаңа Конституция жобасына қатысты саясаттанушы Талғат Жанысбай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, заңда шекаралық аймақтарға қатысты өзгеріс пен жекелеген өңірлерге айрықша құқық беру мәселесі анық көрсетілген. Бұл өз кезегінде жеріміздің тұтастығы мен халқымыздың бейбіт өмірін заңмен қорғауға бағытталып отыр. Сондықтан сарапшы болашағымыздың іргетасы – жаңа Конституциямызға отандастарымыз бей-жай қарамай, жалпыхалықтық дауыс беруде өз таңдауын жасауға шақырды.

«Жекеленген арнайы өңірлерге жеке құқық беру дегенді халық онша түсінбей жатыр. Бірақ бұл – қаржы орталығы Астана, жаңадан салынайын деп жатқан «Алатау Сити» қаласы, және өзге де шекаралық аймақтардың мәселесінің барлығы жаңа Конституциялық заңдардың аясында қорғау үшін арнайы пункттер енгізіліп жатыр. Сондықтан қазіргі саяси жүйе жан-жақты ойланған, әлемдік өзгерістерге, геосаяси жағдайлардың барлығын ескеріп, осындай шешімге келген нақты Конституция деп айтуға болады», – деді саясаттанушы Талғат Жанысбай.

Оқи отырыңыз: Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді