Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады

08.03.2026 10:00
Referendum2026.kz

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сидиропуло Кристина Дмитиревнаның қатысуымен референдумды қолдау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесудің негізгі мақсаты – еліміздегі конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру, саяси жаңғыру үдерісінде этномәдени бірлестіктердің рөлін айқындау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту болды.

Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалы, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мәселелерін жан-жақты саралады.

Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, ашық сұхбат форматында пікір алмасты. Сондай-ақ, 15 наурыз референдумға дауыс беруге бір ауыздан қолдау білдірді. 

Оқи отырыңыз: Кәсіпкерлерге жаңа Конституция негіздері түсіндірілді