Зиялы қауым өкілі таңдауын жасады: Кенжехан Матыжанов Алматыда референдумда дауыс берді
РСК Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жалпыхалықтық референдумға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Медеу ауданында орналасқан №17 мектеп-интернаты ғимаратындағы №387 референдум учаскесінде дауыс берді. Таңертеңнен бастап мұнда аудан тұрғындары келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр.
Кенжехан Матыжановтың айтуынша, референдумға қатысу — әр азамат үшін ел тағдырына ортақтасудың маңызды мүмкіндігі.
«Ел тарихы ірі оқиғалардан ғана емес, әр адамның жеке таңдауынан да қалыптасады. Біз референдумға келген кезде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді көрсетеміз», — деді ол.
Оқи отырыңыз: Алматыда референдум күні қоғамдық көлік пен сайлау учаскелеріне тегін жету ұйымдастырылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01