Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшылығы Азия басқармасының директоры Имран Садихов референдум кезінде ұйым атынан келген миссияның қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"ИЫҰ Бас хатшылығы жаңа Конституциясы бойынша референдумда байқаушы ретінде Қазақстанға миссияны бағыттады. Референдумның алдын ала шығарылған нәтижесі ел халқының белсенді қатысқанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Бас хатшылық референдумның ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуін жоғары бағалайды", — деді Имран Садихов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол бұл ұлттық маңыздағы оқиғаның сәтті өтуіне байланысты Қазақстан халқына ИЫҰ Бас хатшылығының құттықтауын жеткізді.
"Атап айтқанда, Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының белсенді әрі маңызды мүше саналады. Бұл ретте, ИЫҰ Қазақстандағы орнықты дамуды ілгерілетуге қолдау көрсетуге әзір", — деді Имран Садихов.
Оқи отырыңыз: ТМҰ миссиясы дауыс беру учаскелерінің жұмысына қатысты мәлімдеме жасады