Республикалық референдум 15 наурызда өтеді
Алматыда танымал спортшылар алдағы референдумды қолдап, қала тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға шақырды. Арасында ел білетін боксшылар — Жаңқош Тұраров пен Қанат Ислам да бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Спортшылар әлеуметтік желідегі парақшасында ел болашағы әр адамның азаматтық позициясымен тікелей байланысты екенін атап өткен.
Жаңқош Тұраров маңызды мемлекеттік шешімдер қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс екенін айтыпты. Ол да алматылықтарды 15 наурыз күні дауыс беретін учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.
Өз кезегінде Қанат Ислам да өзгерісті қолдайтынын жеткізіп, дауыс беруге қатысуды ел алдындағы жауапкершіліктің көрінісі деп санайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтар белсенді болса ғана елде оң өзгеріс болып, мемлекет алға жылжи бастайды екен.
Спортшылар өз жанкүйерлеріне ғана емес, қаланың бар тұрғынына үндеу жасап, референдумға қатысу – Қазақстанның болашағына қосқан әр азаматтың үлесі екенін еске салды.
Айта кетейік, республикалық референдум 15 наурызда өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда басқаның атынан дауыс беруге айыппұл салынады