Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші

12.03.2026 12:57

Байзақ ауданында іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

referendum2026.kz

Жамбыл облысы Байзақ аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандық іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында ел дамуына бағытталған өзекті бастамалар мен қоғамдағы әйелдердің рөлі жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Жиын барысында коалиция мүшелері референдумның маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауда белсенді азаматтық ұстаным танытуы қажет екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері өз пікірлерін білдіріп, кәсіпкерлікті дамыту, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу және әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру бағытында бірқатар ұсынысын ортаға салды. 

Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысушылар елдің тұрақты дамуы жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Оқи отырыңыз: Астанада Президенттің қатысуымен мәслихат депутаттарының форумы өтіп жатыр