QazIndustry ұжымы жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдайтынын білдірді
Қазақстан индустрия және экспорт орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау бойынша кеңес өтті. Жиынға «QazIndustry» АҚ басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеңесті аша отырып, Басқарма төрағасы Б. Бекенов конституциялық өзгерістер елдің жүйелі саяси жаңғыруының бір бөлігі екенін және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, оның іргетасын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасы заманауи талаптар мен жаңа сын-қатерлерді ескере отырып әзірленгені және ауқымды өзгерістерге, оның ішінде өнеркәсіп секторындағы қайта құруларға негіз болатыны айтылды.
QazIndustry ұжымы жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдайтынын білдіріп, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған реформалары аясында отандық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ауқымды жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы, кейін құрамына депутаттар, заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері кірген Конституциялық комиссия құрылған болатын.
Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай - министрлік жауабы