Халықаралық бақылаушылар референдумның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өткен референдумның ұйымдастырылу деңгейі халықаралық бақылаушылар тарапынан жоғары бағаланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шетелдік сарапшылар дауыс беру науқанының ашық әрі жүйелі түрде өткенін атап өтіп, дайындық жұмыстарының жан-жақты жүргізілгенін жеткізді. Сонымен қатар, бақылаушылар халықтың белсенділігіне ерекше назар аударды. Сарапшылардың айтуынша, ел тұрғындарының мемлекет болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті.

«Мен өзім 11 сайлау учаскесін бақыладым. Дауыс беру орындарына барғанда ерекше мерекелік көңіл-күй сезілді. Техникалық тұрғыдан алғанда, сайлауды өткізуге қажетті барлық нәрсе толық дайын болды, ұйымдастыру жұмыстары өте жақсы жүргізілген. Тіпті күннің суығына қарамастан, адамдардың дауыс беруге қатысуы да өте жоғары болды. Менің ойымша, бұл - референдум комиссиясының атқарған еңбегінің нәтижесі», - деді ШЫҰ бақылаушысы Кабылбек Мамбетаипов.

Оқи отырыңыз: Мьянма өкілі: Қазақстандағы референдум тәжірибесі басқа елдерге пайдалы болуы мүмкін

 

 

Новости партнеров