Халық кеңесі құрылса, Президенттің реформаны жүзеге асырудағы ең мықты тірегіне айналады - сарапшы

12.03.2026 19:12

«Халық кеңесі құрылатын болса, Президенттің барлық реформаны жүзеге асырудағы ең мықты тірегіне айналады». Сарапшылардың айтуынша, бұл –инновациялық қадам, деп хабарлайды Almaty.tv

Олардың айтуынша, ассамблея маңызды миссиясын толық орындаған. Ал жаңа құжатта Халық кеңесінің ішкі саясатқа, әсіресе этносаралық келісім мен қоғамды біріктіру мәселелеріне ұсыныстар енгізетіні жазылған. Сондықтан сарапшылар «бұл институт – Президенттің қоғамдық-саяси тірегі және аймақтық өкілдер қатысатын мықты ұйым болады» дейді.

 «Мен тағы да атап өткім келеді, Халық кеңесі Президенттің барлық реформаны жүзеге асырудағы ең мықты тірегі болуы тиіс. Сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтуға да қызмет етеді. Бұл – Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы жинақталған баға жетпес тәжірибе», – деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Наталья Калашникова.

Жаңа Конституция жобасында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бастамалар қамтылған. Бұл туралы Сенатор Нұрлан Бекназаров айтты. Депутат жобада білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше мән берілгеніне де тоқталды.

«Азаматтардың  биліктің жұмысына,  мемлекеттік деңгейде үлкен шешімдердің қабылдануына, билік тармақтарымен байланыс жасау мәселесінде де ашықтығы, билікке деген сенімінің қабылдануы, биліктің өзі халыққа тиесілі екенін анықтау мақсатында адам құқықтарына қатысты мәселелер жаңаша формада жазылды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады