Конституция жобасы: Алматыда сенаторлар жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті

24.02.2026 18:06

Алматыда сенаторлар жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесіп, Конституцияға енгізілуі мүмкін өзгерістер жобасын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс тобы әсіресе білім-ғылымға, жаңа технологияға қатысты мәселелерді кеңінен талқылады. Жиында жастар көкейдегі сауалдарын депутаттарға тікелей қойып тиісті жауабын алды. Халық қалаулылары референдум алдындағы түсіндіру жұмыстарын алдағы күндері де жалғастырмақ.

«Университетімізде өтіп жатқан іс-шараның маңызы өте зор. Елімізде болып жатқан өзгеріс – конституциялық реформа. Конституцияның түбегейлі өзгертілуі яғни 84 пайыз, оның халыққа студенттерге түсіндірілуі барысында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі шара да сондай сарында өтіп жатыр. Сенат депутаттары, мәжіліс депутаттары қатысуда», – деді студент Азамат Амантай.

Оқи отырыңыз: ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды