Референдумға дейін:
13
күн
7
сағат
34
минут

Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде

referendum2026.kz
referendum2026.kz

Жаңа Конституция жобасының мәдениет, білім және ғылым салаларына қатысты нормалары таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Атырау өңірлік коалиция мүшелері Нұртас Байжанов, Роман Максутов, Гүлнар Садуахасова және Андрей Короблев Дина Нұрпейісова атындағы халық музыкасы академиясының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының мәдениет, білім және ғылым салаларына қатысты нормалары таныстырылды. Преамбулада мәдениет пен білім құндылықтарына сүйене отырып Негізгі Заңды қабылдау – бұл салаларды ұлттық басымдық деңгейіне шығаратын тарихи шешім.

«Референдумда әр азамат өз жүрегімен, жоғары жауапкершілікпен дауыс беруі тиіс. Тарихи сәтте әрбір азаматтың таңдауы тек жеке пікір емес, тұтас қоғамның болашағына қосылған үлес болып саналады. Сондықтан дауыс беру кезінде бейжай қарамай, мәселенің мәнін терең түсініп, саналы шешім қабылдау қажет», – деді коалиция мүшесі Нұртас Байжанов.

Сөз еркіндігі мен көркем шығармашылық еркіндігі Конституциялық кепілдікпен қорғалады. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекет пен азаматтардың ортақ міндеті болып бекітілген.

Кездесу соңында академия ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын айтып, оның мәдениет пен шығармашылық саласын дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті. Ұжым алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты шешім қабылдауда өз азаматтық ұстанымдарын көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл ашық диалог мәдениет саласындағы бастамаларды жетілдіруге және мемлекет пен шығармашылық қауымдастық арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз – азаматтар құқығының қорғалуы

Новости партнеров