Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

15.03.2026 14:56

Қоғам қайраткері Андрей Андреев те заңбұзушылықтардың тіркелмегенін атап өтті

ЦОК

Алматының Қоғамдық коммуникациялар орталығында республикалық референдумның өту барысына арналған брифинг өтті. «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алина Канның айтуынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заңбұзушылық немесе төтенше жағдай тіркелген жоқ. Дауыс беру белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп жатыр. Учаскелерге әртүрлі жастағы тұрғындар келіп, референдумға белсенді қатысуда. Көптеген азаматтар отбасымен бірге дауыс беруге келеді», — деді ол.

Оның айтуынша, қаладағы референдум учаскелерінде сабырлы әрі достық атмосфера қалыптасқан.

Қоғам қайраткері Андрей Андреев те заңбұзушылықтардың тіркелмегенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жағдай Қазақстанның басқа өңірлерінде де байқалады.

«Егер жаңа ақпараттар пайда болса, біз бұл туралы міндетті түрде қосымша хабарлаймыз», — деді Андрей Андреев.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді