Референдумға дейін:
15
күн
8
сағат
40
минут

Маңғыстаулық мұнайшыларға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

СЦК
СЦК
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Жалпыұлттық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев мұнайшыларға жаңа Конституцияны таныстырды. Сенат депутаттары енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарына және билік тармақтарына қатысты екенін айтып, қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа бастамалар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Спикерлер Конституцияның преамбуласындағы халықтық мүдденің барлық баптарда көрініс тапқанын, жаңа Конституцияның азаматтардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетін маңызды құжат екенін түсіндірді. Сонымен қатар адам құқығын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға арналған бағыттары туралы баяндады. 

«Жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың құқықтарын сақтауға  және әлеуметтік қолдаулар алуына кепілдік береді», – деді Сүйіндік Алдашев.

Коалиция мүшелері мұнайшыларды Конституциялық реформа үшін дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды. 

Оқи отырыңыз: Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланған - Аида Балаева

Новости партнеров