«Өзгерістен қашпауымыз керек». Алматылық жастар жаңа Конституция жобасына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Олардың айтуынша, құжаттағы ғылым мен білімге қатысты нормалар мемлекеттің даму басымдықтарының адам капиталына қарай бағытталғанын көрсетеді.
«Өзгерістер бізге керек, себебі еліміз заман талабына сай дамуы керек. Жаңа Ата Заңның жобасындағы білімге, ғылымға, инновацияға айрықша көңіл бөлуі маған ұнады. Жас ретінде білім де, ғылым да керек. Елдің болашағы – саналы, білімді, ақылды ұрпақтың қолында. Сол үшін өзгерістен қашпауымыз керек», – деді Наурызбай ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Ермұхаммед Палмағанбетов.
«Жаңа Конституция жобасында еліміз үшін, әрбір тұрғын үшін өте маңызды ақпарат берілген, олардың құқығы қорғалған. Жастар үшін тың серпін беретін білім. Жалпы ресурстардың орнына білім мен интеллект арнайы тармаққа жазылған. Демек білім мен интеллекттің орны басым болады деген сөз», – деді Жетісу-2 комьюнити орталығының жетекшісі Айбек Берікболұлы
Оқи отырыңыз: Азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз - Орталық референдум комиссиясы үндеуі