Жазушы Нұрдәулет Ақыш Алматыдағы референдумда дауыс беру үдерісінің жақсы ұйымдастырылғанын айтты

15.03.2026 13:24

РСК Алматы

Белгілі жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Ақыш жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары болды, ал дауыс беру үдерісі жақсы ұйымдастырылған.

«Барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Адамды қарсы алып, сұрағына жауап беріп, не істеу керектігін түсіндіріп жатыр. Бұл учаскеде жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастырады», — деді Нұрдәулет Ақыш.

Ол сондай-ақ мұндай маңызды оқиғалар азаматтарға ел дамуына қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Дауыс беру — ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезде бей-жай қалмай, оған қатысудың бір мүмкіндігі», — деді жазушы.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді