Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

15.03.2026 20:19
РСК Алматы

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің журналистері күні бойы республикалық референдумның өту барысын бақылап, қаланың әр ауданындағы ондаған учаскеде болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кешке қарай учаскелердегі қарбалас саябырси бастады. Бостандық ауданындағы №225 референдум учаскесінде журналистер дауыс беруге келген соңғы тұрғындардың бірін кездестірді.

Солардың бірі — алматылық Дамир Құлманов. Ол учаске жабылардан бірнеше минут бұрын келіп, дауыс беруге үлгерді.

Оның айтуынша, жұмыстан кеш шыққанына қарамастан, референдумға қатысуды маңызды деп санаған.

«Жұмыста бөгеліп қалдым, сондықтан учаскеге жабылар алдында ғана келдім. Бірақ бәрібір үлгеріп, таңдау жасағым келді», — деді ол.

Дамир Құлмановтың туыстары дауыс беруге күндіз қатысқан, ал өзі жұмыс кестесіне байланысты кешкі уақытта ғана келуге мүмкіндік тапқан.

Сағат 20:00-де учаске дауыс беруді аяқтап, әрі қарай бюллетеньдерді санау мен рәсімдік жұмыстарға кірісті.

Оқи отырыңыз: Барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды