Ол азаматтар белсенділігін атап өтті
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев республикалық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дауыс беру учаскесінде болғаннан кейін ол референдумның ұйымдастырылу деңгейіне және азаматтардың белсенділігіне тоқталды.
«Бүгін дауыс беру учаскесінде мерекелік көңіл күй байқалады. Барлық үдеріс заң талаптарына сәйкес, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен дауыс берген учаскеде адамдардың көп келіп жатқанын көрдік. Бұл – азаматтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Өзім де әрдайым сайлау болсын, референдум болсын, азаматтық парызымды орындап, дауыс беруге келемін», – деді Мейіржан Отыншиев.
Оның айтуынша, референдум – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің алдағы дамуына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысатын жауапты сәт.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді