«Референдум–2026» онлайн марафоны: Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциясы жобаның маңызын түсіндірді
t.me/referendum_2026
Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов онлайн марафон барысында жаңа Конституция жобасының және оның Преамбуласының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл норма Қазақстанның жас мемлекет емес, тарихы тереңде жатқан ел екенін көрсетеді», - деді ол.
Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасындағы жаңа бөлімді де атап өтті.
«Ата заңда «Қазақстан Халық кеңесі» деп аталатын жаңа бөлім пайда болды. Бұл орган ең жоғары консультативтік орган ретінде Конституциялық мәртебеге ие болып отыр. Яғни, біздің ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық татулық мәңгілік Конституциялық құндылық ретінде әрі қарай дами береді», - деді ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары.
Оқи отырыңыз: ҚР жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсініктеме желілері
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
02.09.2026 12:09
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
03.09.2026 09:07
3 қыркүйекке арналған валюта бағамы
03.09.2026 09:18
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарады
03.09.2026 13:03