Бүгін қалалық коалиция мүшелері Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Жиын барысында депутаттар алдағы референдумның мазмұны мен маңызын түсіндіріп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын таныстырды. Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Мамандар коалиция мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Осы аптаның басынан 15 шақты кездесу өткіздік. Базарда, жұмысшылармен, медицина қызметкерлерімен де сөйлестік. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасын, оның басты бағыттарын таныстырып өттік», – деді халықтық коалиция штабының мүшесі Ержан Медеуов.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция – ұлттық мүдде мен адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат