Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

15.03.2026 20:09
РСК Алматы

Алматыда өткен республикалық референдумға қатысқан соңғы азаматтардың бірі Бостандық ауданының тұрғыны Серікжан Мысырбаев болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жұбайымен бірге Астана қаласынан сапардан енді ғана оралып, вокзалдан бірден дауыс беру учаскесіне барған.

№37 мектеп ғимаратында орналасқан №241 учаске жабылардан небәрі 15 минут бұрын ол тіркеуден өтіп, дауыс беруге үлгерді.

Серікжан Мысырбаевтың айтуынша, ел үшін маңызды оқиғадан шет қалмау үшін жолдан келе сала учаскеге баруды жөн көрген.

Күні бойы Алматыдағы референдум учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалды. Көпшілік таңертеңнен бастап дауыс беруге келсе, кейбір алматылықтар Серікжан Мысырбаев сияқты учаске жабылар алдындағы соңғы минуттарда үлгеріп, таңдау жасады.

Оқи отырыңыз: Барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды