Сенаторлар Алтай қаласында жаңа Конституцияның жобасын жұртшылықпен бірге талқылады

21.02.2026 15:34

Қатысушыларға саяси жаңғырту аясында дайындалған басты ережелер жан-жақты түсіндірілді

пресс-служба Сената Парламента

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Алтай қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға орай тұрғындарымен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Аlmaty.tv. Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды саяси жаңғырту аясында дайындалған Негізгі заң жобасының басты ережелері жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік басқару үлгісін жүйелі жаңарту, Парламенттің рөлін күшейту, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сенатор Ольга Булавкина Талқылауды аша отырып, жаңа Конституцияның жобасы еліміздің саяси жүйесін дамытудағы және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы стратегиялық қадам ретіндегі маңызын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы – ол саяси жүйені жаңарту және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге орай стратегиялық таңдау болып отыр. Президенттік бастамаларды табысты іске асырудың негізгі шарты, ашық диалог және азаматтардың қолдауы», - деді Ольга Булавкина.

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов тақырыпты жалғастыра келіп, Конституциялық қайта құрудың барысы және оларды талқылау мен іске асыру үдерісінде қоғамның рөліне назар аударды.

«Президенттің бастамалары басқарудың әділетті және тепе-тең үлгісін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – азаматтардың  тағдырлы шешімдер қабылдауға орай сапалы талқылауды және нақты қатысуды қамтамасыз ету», - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Диалог сындарлы және мазмұнды пікірлесу аясында өтті. Кездесуге қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, ұсыныстар айтты және конституциялық өзгерістерді іс жүзінде іске асыруға қатысты сұрақтар қойды. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында сенаторлар белсенді азаматтық ұстанымның және тұрғындардың жаңа конституция жобасын одан әрі қоғамдық талқылауға қатысуының маңыздылығына тоқталды.

Оқи отырыңыз: Конституциялық реформаларды қолдау: Астанада хоккей клубының матчы кезінде ерекше акция өтті