DamuBala орталықтарының қызметкерлері референдумға қатысты

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Қызметкерлердің көпшілігі учаскеге әріптестерімен бірге келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

DamuBala орталықтарының педагогтері мен қызметкерлері Алматының Наурызбай ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызметкерлердің көпшілігі учаскеге әріптестерімен бірге келді. Демалыс күніне қарамастан, олар таңертең ерте дауыс беруді жөн көрген. Учаскеде дауыс беру ұйымшыл әрі тыныш жағдайда өтіп жатыр. Тұрғындар жеке де, отбасыларымен де келіп жатыр.

Педагогтердің айтуынша, референдумға қатысу – азаматтық ұстанымды білдірумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі болудың бір жолы.

«Біз балалармен жұмыс істейміз. Оларды жауапкершілікке, қоғам өміріне бей-жай қарамауға тәрбиелеуге тырысамыз. Сондықтан ел үшін маңызды шараларға өзіміз де белсенді қатысуды маңызды деп санаймыз», – дейді педагогтердің бірі.

Қазіргі уақытта да аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қала тұрғындары дауыс беруде: Алматының сайлау учаскелерінде кезектер пайда болды

Новости партнеров