Олардың айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – мемлекет дамуы үшін аса маңызды
Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық дауыс беруде спортшылар да белсенділік танытуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәселен, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, белгілі қазақстандық боксшы Назым Қызайбай мегаполистегі №168 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Спортшының айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – мемлекет дамуы үшін аса маңызды.
«Өзім учаскеме келіп, таңдауымды жасадым. Себебі бұл еліміздің үлкен қадамы деп ойлаймын. Сондықтан әрбір азаматтың бұл маңызды міндет екенін түсінуі керек», — деді Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай.
Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов та Алматыдағы референдум учаскелерінің бірінде дауыс беріп, саяси науқанға қатысты. Оның айтуынша, бұл – азаматтық жауапкершілік.
«Бүгін мен отбасыммен келіп отырмын, бәріміз дауыс бердік. Дауыс беріп, өз азаматтық позициямызды білдірдік. Алға, Қазақстан!» — деді Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар дауыс беріп жатыр: 4,6 млн-нан астам азамат бюллетень алды