Шымкентте референдум қалай өтіп жатыр

Қала бойынша 369 референдум учаскесі ашылып, тұрғындарды қабылдауда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің үшінші ірі мегаполисі Шымкентте де референдумға келіп, белсенді дауыс беріп жатқандар қатары көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шымкент қаласында референдум тыныш әрі қалыпты жағдайда басталды. Сағат 07:00-де қаладағы барлық референдум учаскелері өз жұмысын ресми түрде бастады. Әр учаскеде әуен ойнады, ал №4 учаскеде ақ жаулықты әжелер келушілерді ән айтып қарсы алды.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 369 референдум учаскесі ашылып, тұрғындарды қабылдауда. Өңірде референдумға қатысу құқығына ие 695 145 сайлаушы тіркелген.

Қазір №4 учаскеге таңнан бері тұрғындар тоқтаусыз келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін өз таңдауын жасап жатыр. Учаскелік комиссия мүшелері мен байқаушылар да жұмысқа кіріскен.

Айта кетейік, қаладағы көптеген учаскелерде алғаш болып дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталып жатыр. Бұл тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында қолға алынған.

«Патриоттық сезім бойды кернейді. Ккеше түннен ұйықтаған жоқпыз. Ораза кезінде азанда сағат 4.00-де тұрып, аузымызды бекітіп, еліміздің келешегі үшін Құран бағыштап, осы жерге келдік», – деді қала тұрғыны Тахирбек Нышанбаев.

Айта кету керек, учаскелерде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сонымен қатар егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы жабдықтар қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Референдумға келе алмаған азаматтар үйден дауыс бере алады

Новости партнеров