Алматыда референдумда 90 жастағы тұрғын дауыс берді

15.03.2026 08:07

Сайлау учаскесінде зейнеткерге естелік ретінде палантин сыйға тартылды

пресс-служба акима Алматы

Алматыдағы №357 сайлау учаскесіне азаматтық борышын орындау үшін келгендердің қатарында 90 жастағы алматылық Елена Тегжанова да болды. Зейнеткер мұндай ел үшін маңызды оқиғаларды ешқашан қалт жібермейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

— Бұл әрдайым үлкен мереке сияқты. Өзіңді шын мәнінде маңызды іске қатысы бар адамдай сезінесің. Әрине, бүгінгі референдум да соның бірі, — деді Елена Тегжанова.

Осы оқиғаның құрметіне сайлау учаскесінде зейнеткерге естелік ретінде палантин сыйға тартылды.

— Бізге мұндай жастағы сайлаушылар әрдайым келе бермейді. Бүгін шынында да маңызды күн, өйткені біз еліміздің болашағын шешуге қатысып отырғанымызды сезінеміз, — деді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Алла Зиновьева.

Оқи отырыңыз: Алматыда дауыс беру күні фотоаймақтар мерекелік атмосфера қалыптастырды