Алматыда дәстүр бойынша алғашқы дауыс берушілерге тәтті сыйлықтар табысталды

15.03.2026 07:39

Учаскелердің бірінде жарты сағаттың өзінде 20-дан астам адам дауыс беріп үлгерген

пресс-служба акима Алматы

Алматыда алғашқы дауыс берушілерге символикалық тәтті сыйлық тарату жақсы дәстүрге айналған. Осындай сыйлықты Алмалы ауданындағы №60 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Татьяна Вильданова да алды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

"Біз құрбыммен бірге учаскеге ең бірінші болып келдік. Азаматтық борышымызды орындағымыз келді. Таңертеңнен бері ерекше қуаныш сезімін сезінудемін. Қазақстанның болашағы өз қолымызда. Естелік үшін суретке түсіп үлгердік — біз үшін бұл нағыз мереке", — деді ол.

Осындай сыйлықтар №117 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №197 және №202 сайлау учаскелерінде алғаш дауыс берген тұрғындарға да табысталды. Айта кетейік, мұнда алғашқы жарты сағаттың өзінде 20-дан астам адам дауыс беріп үлгерген.

"Референдумға қатысу — менің азаматтық борышым. Мен өз дауысымды бердім. Мемлекет қазақстандықтарға маңызды шешімді өздері қабылдау мүмкіндігін берді", — деді сайлаушы Аида Мұсаханова.

Еске салайық, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум күні Алматыда барлығы 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар референдумда таңертеңнен бастап дауыс беруде