Алматыда референдум аясында буккроссинг акциясы өтті

РСК Алматы
РСК Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда республикалық референдум күні 15 наурызда Отбасылық оқу кітапханасының Инновациялық шығармашылық орталығында буккроссинг акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, отбасылық оқу мәдениетін дамыту және оқырмандар арасында кітап алмасу дәстүрін қалыптастыру.

Акция барысында қатысушылар өздері оқып шыққан кітаптарын әкеліп, басқа оқырмандармен алмастырып, жаңа авторлар мен шығармаларды танып-білуге мүмкіндік алды. Буккроссинг кітапсүйер қауым үшін пікір алмасып, әдебиеттермен бөлісетін ерекше алаңға айналды.

Іс-шараға кітап оқуға қызығатын қала тұрғындары белсенді қатысып, оқу мәдениетін дәріптеуге үлес қосты.

Айта кетейік, республика бойынша өтіп жатқан референдум барысында қазақстандықтар дауыс беру учаскелеріне келіп, таңдау жасап жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда референдум күні қоғамдық көлік пен сайлау учаскелеріне тегін жету ұйымдастырылды

Новости партнеров