Қазақ ұлттық техникалық университеті базасында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы аясында кездесу өтті. Іс-шараны «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы» жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Кездесуге жоғары оқу орнының студенттері қатысып, жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Сергей Пономарев ұсынылып отырған мемлекеттік басқару моделі туралы баяндады. Оның айтуынша, жобаға сәйкес вице-президент лауазымын енгізу қарастырылған. Вице-президентті Мемлекет басшысы тағайындайды және ол халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы саясат мәселелерімен айналысады.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі — парламент реформасы. Мәжіліс пен Сенат біртұтас 145 депутаттан тұратын «Құрылтай» атты органға біріктіріліп, бірпалаталы жүйеге көшу ұсынылады. Бастамаға сәйкес, оған кемінде 25 жасқа толған, Қазақстан аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрған азаматтар сайлана алады. Депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау көзделіп отыр.
Оқи отырыңыз: Мәдени қауымдастық конституциялық реформаны қолдады