Жаңа Конституция референдумына қаражат Үкіметтің резервінен бөлінеді

Орталық сайлау комиссиясы тиісті құжатты жақын арада жолдауы тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция референдумына қаражат Үкіметтің резервінен бөлінеді. Бұл туралы Сенат кулуарында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, ведомствоға референдумды қаржыландыру бойынша әзірге ресми сұраныс түспеген. Орталық сайлау комиссиясы тиісті құжатты жақын арада жолдауы тиіс. Сондай-ақ Даурен Темірбеков бұған дейін айтылған 20 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты да пікір білдірді.

«Ондай ақпарат жоқ менде. Күтейік. Орталық сайлау комиссиясы ресми ақпарат ұсынған кезде, Сіздерге референдумға қанша ақша жұмсалатынын айтамыз», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Оқи отырыңыз: Ашықтық – реформаның басты ұстанымы болды: депутат Конституциялық комиссия жұмысының қалай жүргізілгенін айтты

Новости партнеров