Мәжіліс депутаттары мен саяси партия жетекшілері құжаттың негізгі нормаларына тоқталды
Астанада жаңа Конституция жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалог басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Партияаралық диалогта Мәжіліс депутаты Айдос Сарым ұлттық кодтың сақталуы ел тәуелсізідгі үшін маңызды екенін айтты.
«Жаңа Конституцияның 3-бабы – мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.
Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды. Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді», - деп атап өтті Айдос Сарым.
Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасының 8-бабының 3-тармағына тоқталды. Депутат жер қойнауындағы байлықтан түсетін табыс халық игілігіне, ауыл инфрақұрылымына, жол мен мектепке жұмсалуы керект екенін айтты.
Сонлай-ақ «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Жаңа Конституция жобасында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттің түбегейлі қағидаты ретінде енгізілгенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл норма қоршаған ортаны қорғауды егемендік, заң үстемдігі және адам құқықтарымен тең деңгейге көтереді.
Сондай-ақ дебат барысында сөз алған «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев алдағы уақытта Парламент, яғни Құрылтай депутаттарының партиялық тізім бойынша сайлануы және Әділетті Қазақстандағы жауапты қоғамды қалыптастыру тетіктері жайында айтты.
Ал Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров тұрақты өсім институттардың сапасына байланысты екеніне тоқталды.
«Қазақстан бүгінде оң динамика көрсетуде. Тұрақты өсім ресурстар көлеміне ғана емес, ең алдымен институттардың сапасына байланысты. Экономикалық саясат өнімділікке және адами капиталды дамытуға бағытталған. Ал елдің орнықты дамуы институттардың сапасына, құқықтық негіздің беріктігіне және жауапкершілікті қамтамасыз ету қабілетіне байланысты», - деді ол.
Оқи отырыңыз: Бұл құжат жаңа дәуірдің іргетасына айналады - Берік Асылов