Жаңа Конституция жобасына арналған сайт жұмысын бастады

referendum2026.kz
referendum2026.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алдағы референдум мен жаңа Конституция жобасына арналған сайт жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Интернет-ресурс «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен әзірленді. Порталда негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланып, ұсынған өзгерістер жан-жақты түсіндірілген. Ресурс азаматтарға түзетулердің мазмұнын оңай түсініп, байыпты шешім қабылдауға көмектесетін сенімді ақпарат көзі ретінде жасалған. Платформада сарапшылардың пікірі, өзекті талдамалық материалдар және коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы ақпараттар тұрақты түрде жаңарып тұрады.

Оқи отырыңыз: Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты

 

 

 

 

Новости партнеров