Референдумға дейін:
8
күн
23
сағат
54
минут

Жаңа Конституция жобасына «зияткерлік меншік» ұғымы енгізілді - Айгүл Сәдуақасова

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасына «зияткерлік меншік» ұғымы енгізілді. Бұл туралы Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv.
 Оның пікірінше,  сөз бостандығына, сондай-ақ ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық жұмыстарға заң жүзінде кепілдік беріледі. Яғни, зерттеушілердің, жазушылар мен өнер адамдарының еңбегі мемлекет тарапынан қорғалып, олардың идеялары мен туындылары зияткерлік меншік ретінде танылады. Жаңа Ата заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мүшесінің айтуынша, бұл бастама ғылым мен мәдениеттің дамуына серпін беріп, инновациялық жобалардың көбеюіне жол ашады. 

"Әрбір ойлап тапқан технология, ой, идеяны  сақтап қалуға мүмкіндік болуы керек. Өйткені ол ертең экономикалық, нарықтық ортаға шыққанда,  табыстың қайнар көзі болады. Екінші жағынан, адамның, экономиканың дамуына жақсы әсер етеді. Сондықтан оны құқықтық жағынан қамтамасыз ету үшін Конституция бекітіп отыр", - деді 
ҚР ҒЖБМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова.

Оқи отырыңыз: Қызылордада жұмысшылармен жаңа Конституция жобасы талқыланды

Новости партнеров