Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білімге ерекше көңіл бөлінген

26.02.2026 19:33

«Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білімге ерекше көңіл бөлінген». Осылай деген ұстаздар қауымы жас ғалымдарды жан-жақты қолдау күшейетінін алға тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Айтуынша, бұл – еліміздің дамуын қарқындатып, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен терезе теңестіруіне септігін тигізеді. Сондай-ақ олар елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын ғылым мен білімнің, инновацияның дамуына бұрын мән берілмегенін атап өтті.

 «Алғашқы рет білім, ғылым және инновацияға айрықша көңіл бөлініп отыр. Олар – мемлекеттің стратегиялық дамуына басты бағыттардың бірі болып нақты белгіленді. Бұрын шикізатқа көңіл бөлсек, ғылымға, білімге назар аударып жатырмыз. Бұл не? Бұл – жас ғалымдарды қолдау. Бағыт-бағдар стратегиясы осыған тіреу болмақ», – деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры Ержан Көлдеев.

Оқи отырыңыз: Конституция жобасы: Бостандық ауданында жастармен кездесу өтті