Алматының Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшамауданында орналасқан №683 референдум учаскесінде бүгінгі күн ерекше басталды. Ұлттық киім киген «Әжелер хоры» халық әндерін шырқап, келген тұрғындарды шашумен қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қазақтың дәстүрін дәріптеуді мақсат етеді.
Айта кетейік, іс-шараға мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысты. Олар референдум учаскесіне қамқорлық көрсетуші адамдарымен бірге келіп, дауыс беру кезінде қажетті көмекті солардан алды
«Бүгін елімізде маңызды оқиға болып жатыр. Сондықтан азаматтық борышымызды өтеп, дауыс беріп тұрмыз»,– деді ¤Наурызбай ауданы «Ардагерлер кеңесі әжелер алқасының» төрағасы Фарида Мырзаханова.
Оқи отырыңыз: Жамиля Серкебаева референдумда дауыс берді