Сайлау 2021: Exit-poll нәтижесі шықты

11.01.2021 05:39

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың түпкілікті нәтижелерін 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады

открытые источники

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесін жариялады. Мәжіліске үш партия өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Парламенттік сайлауда Exit-poll нәтижесі бойынша:

Nur Otan –  71,97%;

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,18 %;

Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03%;

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 5,75%;

«Адал» партиясы – 3,07%.

Мәжіліске өту үшін партия кем дегенде 7 процент жинауы тиіс болатын.

Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шығаберісте азаматтарға сауалнама жүргізді.