Саяси партиялардың жетекшілері арасында теледебат өтті

стоп-кадр
стоп-кадр
Дебат үш раундқа бөліне өткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Хабар» арнасында тікелей эфирде саяси партиялардың жетекшілері арасындағы шешуші саяси дебат өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Теледебатқа Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров, «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, ADAL партиясының саяси кеңес мүшесі Эльдар Жұмағазиев қатысты.

Дебат үш раундқа бөліне өткізілді. Алғашқы раундта партия басшылары Қазақстанның экономикалық даму жоспарын бөлісті. Ол үшін спикерлерге бір жарым минуттан уақыт берілді. Сондай-ақ, осы раундта партия басшылары бір-біріне сұрақ қойып, жауап алды. Әр партия басшысына 2 сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Партия басшылары бір-біріне жер, экономикалық бағдар, әлеуметтік, аргоөнеркәсіптік, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелер төңірегінде өткір сұрақтарды қойды.

Партия жетекшілерінің нақты не туралы айтқанын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 


Новости партнеров