Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр. Дауыс беру пункті 7:00-де жұмысты бастаған еді. Сессия ашылған соң ҚХА мүшелері дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы заң бойынша сессия барысында жүзеге асырылады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.
«Сайлау заңына сәйкес дауыс беру пунктісі ашылды. Дауыс беру пунктінде сайлау комиссиясының мүшелері сайлау бюллетеньдерін береді. Олардың үстелдерінде үстел нөмірі мен өңірлердің атауы көрсетілген нұсқаулық бар. Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетень беру құқығы жоқ», – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар.
Атап өтсек, Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов, Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.