ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Primeminister.kz сілтеме жасап.
Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті. Ол өз кезегін күтіп, баласы бар әйелден соң ғана дауыс берген.
ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді. Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.