Алматылық сарапшылар сайлаудың ерекшеліктері туралы айтты

Almaty.tv
Almaty.tv
Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар жоғары деңгейде сақталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық сарапшылар сайлаудың ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева сайлауға қатысу  –  бұл тек құқық қана емес, бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті деп есептейді

А. Ибраева әрбір мемлекет үшін сайлау  үлкен саяси іс-шара екенін атап өтті. Сайлауда кәмелетке толған әрбір азамат өзінің саяси еркін білдіре алады.

«Менің ойымша, сайлауға қатысу – бұл тек құқық қана емес, бұл міндет. Себебі біз әрбір азамат не болып жатқанын біліп, болып жатқан процестерге қатыса алатын демократиялық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз», – деп атап өтті профессор.

Осы жолғы сайлау басқалардан айтарлықтай ерекшеленді. А. Ибраева осы сайлаудың бірнеше ерекшеліктеріне тоқталды:

Бірінші ерекшелік – бұл сайлаудың демократиялығында. Бірінші рет бұл сайлау бүгін де, тіпті бір ай бұрын да емес, наурыз айында, сайлау болады деп жарияланып, праймериз басталған кезде басталды. Партиялар өз бағдарламаларын қабылдап, бұқараға белсенді шығып, өздерін көрсетуі – бұл Қазақстан үшін жаңалық. Біздің заңнамада алғаш рет әйелдерге, жастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға 30% квота бөлінді. Бұл мемлекеттің басқаруына жаңа күш келді деген сөз. Біздің мемлекетіміз үлкен прогресс жолында.

Екінші ерекшелігі – жүйенің өзі өзгерді. Қазір ол пропорционалды. Бұл дегеніміз – бұл сайлауда біз Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын таңдау.

Үшінші ерекшелік  – пандемия жағдайы. Азаматтарды өздерінің сайлау учаскелері туралы хабардар ету бойынша жақсы жұмыс жүргізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар жоғары деңгейде сақталды.

«Бұл дұрыс, өйткені біз қазір қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз, адамдар қарым-қатынасы шектеулі, қауіп-қатерлер көп, сондықтан сайлауды осы форматта өткізу ең дұрыс деп ойлаймын. Бүкіл әлемде демократиялық мемлекеттерде партиялар адамдарды біріктіреді. Өйткені партияға бір нәрсені өзгерткісі келетіндер кіреді», – деп есептейді А. Ибраева.

Новости партнеров