Кездесу барысында 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісіне сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның басшысы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ елшісі Я.М. Доманьскимен сайлаудың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, әлеуметтік және саяси контексін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстандағы Парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның (СБШМ) ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) 2020 жылдың 8 желтоқсанында ашылған еді. Миссия елге биліктің ресми шақыруынан соң келді.
Миссияны елші Ярослав Марчин Доманьски басқарады. Оның негізгі құрамында Нұр-Сұлтанда тұратын 11 сарапшы бар. Бұлардан өзге, елімізге 24 ұзақ мерзімді бақылаушылар келді, олар 15 желтоқсаннан бастап еліміздің әр өңірінде жүр.
Миссия ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, сондай-ақ демократиялық сайлау мен басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға және ұлттық заңнамаларға сәйкес сайлаудың барысын бақылайтын болады.
Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның басшысы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ елшісі Я. М. Доманьскимен сайлаудың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, әлеуметтік және саяси контексін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. pic.twitter.com/NWASM8abP5
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) December 30, 2020