Роза Рымбаева: Біз сайлауға қатысу арқылы мемлекетіміздің тағдырына атсалысамыз

Sputnik
Sputnik
Оның сөзінше, сайлауға қатысу – әр адамның азаматтық борышы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық әртісі Роза Рымбаева ҚР Парламент Мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихатына депутаттарды сайлауды ұйымдастыру жоғары деңгейде екендігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, сайлауға қатысу – әр адамның азаматтық борышы.

«Бүгін саяси додаға түсіп жатқан партиялардың бәріне ақ жол тілеймін. Халық  өз қалауымен таңдаған партиясына дауыс беріп жатыр. Әрине, халықтың мүддесі ортақ. Өміріміз жарқын, тұрмысымыз жақсы, бейбіт заманда өмір сүрсек дейміз. Тыныштықты қалап, балаларымыздың бақытты болғанын тілейміз. Міне, осының бәрі біз сайлаған партия өкілдеріне аманат десек, артық айтқандық емес. Демек, біз сайлауға қатысу арқылы мемлекетіміздің тағдырына атсалысамыз. Халық дұрыс таңдау жасайтынына сенімдімін. Бәріңізге сәттілік серік болсын», –  деді Роза Рымбаева.

Қазақстан аумағында құрылған барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізіліп отыр. Сайлау комиссиялары дауыс беру орны мен уақыты туралы дер уақытында ақпарат берді. Елорда уақытымен сағат 08.00-де жағдай бойынша еліміздегі 9 994 сайлау учаскесінде және шет мемлекеттердегі қазақстан өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Новости партнеров