Бибігүл Төлегенова Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді

10.01.2021 в 17:16

Өз таңдауын жасаған халық әртісі сайлаушылар алдында сөз сөйледі

Бибігүл Төлегенова Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін қазақтың бұлбұл әншісі, өнер майталманы Бибігүл Төлегенова өз таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бергенін айтты.

«Мен сайлауға үлкен жауапкершілікпен қараймын. Сіздерді де соған шақырамын. Өйткені өзіміздің болашағымыз үшін ойлануымыз қажет. Сол себепті сенім артқан депутаттарыңызға дауыс беріңіздер», –  деді Бибігүл Төлегенова.