Алматыда бақылаушылар мектебінде 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау мәселелері бойынша күн сайын оқыту жүргізіледі. Мектеп Алматы қаласының Азаматтық альянсының бастамасымен құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мектептің миссиясы - дауыс беру рәсімін, қорытынды шығаруды бақылаушылар институтын қалыптастыру, сайлау барысын азаматтық қоғамдық бақылаумен қамтамасыз ету.
«Біздің міндетіміз - құқықтық негізде дауыс беруді өткізудің заңдылығын қамтамасыз ете алатын адамдарды қалыптастыру. Міндет қиын, сайлау барысын бақылағысы келетін адамдар көп, бірақ бәрі бірдей қабілетті емес, өйткені бәрі заңның талаптарын біле бермейді. Сайлау процесінің кез-келген қатысушысы үшін әр бақылаушының құқықтары мен міндеттерін білу өте маңызды. Біздің бақылаушылар мектебінің аясында біз бақылаушыларымыздың түсінігі мен санасына құқықтық негіздер, құқықтық мәдениет, түрлі жанжалды жағдайларда қалай әрекет ету керек және т.б ұстанымдарды түсіндіруге тырысамыз»,– деді бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков.
Мектепте білікті жаттықтырушылар құрамы жұмыс істейді - бұл профессорлар, оқытушылар, радио және жаңалықтар порталдарының редакторлары, университеттер жанындағы кафедра меңгерушілері және басқалары. Бүгінде олар 512 адамды оқытқан. Оқыту 4 негізгі пән бойынша жүргізіледі.
«Менің ойымша, әрбір бақылаушы кәсіби дайындықтан өтіп, белгілі бір біліктілікке ие болуы керек. Бұл біліктілік расталған болуы керек. Шынында да, дауыс беру барысын заңды негіздерді білмей, бақылау сайлау процесінде көптеген проблемалар туындатады. Сондықтан, құқық негіздерін оқып, дауыс беру барысын бақылағысы келетіндердің бәріне біздің мектептің есігі ашық»,– деп толықтырды Александр Братенков.
Курстар күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.