Парламент және маслихат депутаттарының сайлауында додаға түскен партиялардың қанша депутаттық мандатқа ие болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлауда 7 млн 539 мың 280 бюллетень берілген. Алайда партияларға берілген дауыс саны 7 млн 241 мың 562 болды. Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы - 71,9 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған.
«Осылайша 7 пайыздық көрсеткішті 3 саяси партия бағындырды. Мәжілістегі депутаттық манданттар бойынша «Nur Otan» партиясы - 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы -12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бұдан бөлек, Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті. Естеріңізге салайық кеше Ассамблея мүшелері өз таңдауларын жасап, нәтижесінде 351 адам дауыс берген болатын.
Графика:
Партияларға берілген дауыс саны:
«Халық» партиясына - 659 019 (9,10 пайыз)
«Nur Otan» партиясы - 5 148 074 (71,09%)
«Ауыл» ХДП партиясы - 383 023 (5,29 пайыз)
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 792 828 (10,95 пайыз)
«ADAL» саяси партиясы - 258 618 (3,57 пайыз)