Дене қызуы бар адам сайлауға қатыса алмайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайлау учаскелері 100 пайыз дайын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлау учаскелері 100 пайыз дайын. Осылай деген Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова дауыс берудің қатаң эпидемиологиялық шаралар аясында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Демек, дене қызуы бар адам сайлауға қатыса алмайды. Ал, ковидпен ауырып, стационарда жатқандар сол жердегі мамандандырылған учаскеде дауыс береді. Қазіргі таңда қалада 581 сайлау учаскесі бар. Әрбір дауыс беруші өзінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты байланыс орталығынан, сондай-ақ 221-10-01 бірыңғай тегін нөмірі және онлайн қызметтері арқылы біле алады.

«26 желтоқсаннан бастап сайлау учаскелері өздерінің қызметін бастау керек болатын. Олар өз жұмысын бастады. Жұмыстарын атқару үшін әрбір сайлау учаскесінде жағдай жасалды. Қолдарында тізім бар. Мекенжайлардың бәрінде керекті құрал-жабдықтың бәрі амтамасыз етілген. Бүгінгі таңда сайлау учаскелері дауыс беру күніне дайын деп 100 пайыз айтуға болады», – деді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Новости партнеров