Алматылық сарапшылар, Алматы қаласы Азаматтық альянсының сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық орталығының өкілі, саяси ғылымдар докторы, профессор Әділ Жүнісов және Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Юрий Булуктаев алдағы сайлау жайлы өздерінің пікірлерімен бөлісіп, оның маңыздылығын атап өтті.
Әділ Жүнісов пандемияның елдің экономикалық көрсеткіштерін айтарлықтай төмендеткенін, бірақ соған қарамастан, қазір оны қалпына келтіруге мүмкіндік бар екенін атап өтті.
«Бізге тұрақтылық қажет. Сайлау оған кедергі болмауы керек, ол болашаққа және жақсы жұмысқа ынталандыруы керек. Барлық учаскелерде сайлаудың тазалығы мен сайлау учаскелерінде шиеленістің болмауын бақылайтын бақылаушылар болады», – деп толықтырды Әділ Жүнісов.
Өз кезегінде, Юрий Булуктаев барлық қатысушы партиялардың Қазақстан қоғамының өмір сүруіне қажетті барлық дерлік мәселелер қаралып, өңделген өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен платформаларын әзірлегенін еске салды. Осы аспектілердің бәрін партия белсенділері белсенді түрде насихаттауда, азаматтар олардың науқанын зерттеп, талдау негізінде өз таңдауын жасай алады.
«Сайлаушылардың қай партияға дауыс беретінін анықтап алғаны өте маңызды. Егер жалпы 10 қаңтарда өтетін сайлаудың маңызылығы туралы айтатын болсақ, ол сөзсіз маңызды, бірінші кезекте, Қазақстанда заң шығарушы билік жаңа, сапалы, әлдеқайда жоғары деңгейге шығуы керек», – деп атап өтті Юрий Булуктаев.