Саяси реформаларға Алматы қаласының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қолдау білдірді

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Бұл өзгерістер партияларға 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастарға 30% арнайы квота беруді міндеттейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев елдегі сайлау және қоғамдық-саяси процестерге әйелдерді тартуға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл өзгерістер партияларға 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастарға 30% арнайы квота беруді міндеттейді. Аталған түзетулердің маңыздылығы туралы Алматы қаласының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ә.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы Тұрсынкүл Ботабекова заңға енгізілген өзгерістерді қолдайды. 

Ол:«Мен сайлау туралы заңдағы өзгерістерді қолдаймын. Біздің елде іскер, білімді және жауапкершілігі жоғары әйелдер көп. Олар өз жұмыстарын абыроймен атқарып жүр және олардың елдегі саяси процестерге араласқаны дұрыс»– деді.

Комиссия мүшесі, "Фарджи" ЖШС директоры және қоғам қайраткері Фарида Жылқыбаева  да түзетулерге қатысты өз ойын айтты.

«Бүкіл Қазақстан бойынша сайлауға көптеген жастар мен әйелдер қатысуда. Мен еліміздің экономикасының дамуына өз үлестерін қосып қана қоймай, қайырымдылықпен айналысатын және өз ісімен көпке үлгі бола алатын әйелдерді білемін. Үкімет пен Президенттің осы мәселелерді көтеріп, заңға түзетулер енгізгені оң шешім болды», – деді ол.

Новости партнеров