Жалпыға бірдей дауыс беру күні елордадағы сайлау учаскелері сағат 07:00-де есігін айқара ашады
Елорда да 283-тен астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлық жер қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Тұрғындардың жаппай жиналуына жол бермес үшін арнайы шығу жолдары қарастырылған. Ертең жұмыс істейтіндердің барлығына тегін маскалар мен қолғаптар беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал бейпартиялық байқау орталығы бүгін сайлау алдындағы жұмыстарды халықаралық байқаушылармен бірге тағы пысықтады. Өз кезегінде байқаушылар да елімізде электоралдық компанияны ұйымдастыру жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.
«Бейпартиялық бақылау бұл өте маңызды. Оларға көбірек сенім артылады, өйткені олар ешқандай партияға кірмейді, тәуелсіз. 1-ші бұзушылықты ескерту, 2-ші әрине заң бойынша барлық талаптардың орындалуы және бақылау. Егер қандай да бір жағдай болса, сайлау орталығының комиссиясына хабарласып талқылау керек, ал 3-ші анықталған ақпарат болу керек, ешқандай фейк, өтірік ақпаратқа жол бермеу керек», – деді ТМД миссиясының халықаралық байқаушысы Максим Григорьев.